Төтенше жағдай кезіндегі адам шығынының артуына Байзақтағы оқиға әсер етті

0 1

Былтыр Жамбыл облысында табиғи және техногендік сипаттағы 688 төтенше жағдай тіркелді. Бұлардан 174 адам зардап шегіп, 48 азамат қаза тапқан. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде жергілікті ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев айтты , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Оның мәліметінше, өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар санының едәуір өсуіне Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімінде болған өрт пен жарылыс ықпал еткен, онда 17 адам қаза тауып, 103 азамат жарақат алған.

“Есепті кезеңде облыс аумағында 5 төтенше жағдай жарияланды, оның ішінде 3-еуі табиғи сипаттағы объектілік ауқымдағы болса, 2-еуі техногендік және табиғи сипаттағы жергілікті ауқымда орын алды. Соның ішінде, 17 қараша күні болған қатты дауыл аймаққа үлкен материалдық шығын әкелді, нәтижесінде 1 206 тұрғын үй және әлеуметтік нысандар зардап шекті. Бүгінде демеушілік көмек есебінен 1 085 нысан қалпына келтірілді, 121 нысанға жергілікті бюджеттен 364,7 млн теңге қарастырылды”, – деп түсіндіреді Мақсат Әшірбайұлы.

Ол өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мамандар шаруашылық жүргізуші субъектілерге 1 734 өрт-техникалық тексеру жүргізгенін жеткізді. Нәтижесінде, 11 535 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу деректері анықталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.