Жамбылда «112» диспетчерлік нөміріне бір жылда 500 мыңнан астам қоңырау түскен

0 0

Былтыр Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 545 352 қоңырау түскен. Мұның жартысына жуығы бейінді емес бағытта, яғни ақпараттық-анықтамалық сипатта. Көптеген бейінді емес шақыртулар шын мәнінде шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың өміріне қауіп төңдіруі мүмкін. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында жергілікті ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол жедел қызмет операторының желісі босамауы адамға көмек көрсетуді кешіктіретінін және оқыс оқиғаларға себеп болатынын еске салды. Бұзақылық мақсатта шұғыл қызмет телефон нөмірін қолдану қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту жолымен жазаланады.

«Сол себептен, балалардың қолына ұялы телефонды бермеген абзал, ол байқаусызда 112 нөміріне хабарласуы мүмкін. Өз телефоныңыздан осы нөмірге қасақана қоңыраулар түспеуін қадағалаған дұрыс. Мұндай жағдайлар көбіне қосулы телефонның бұғатталуы кезінде орын алады. Сонымен қатар балаларға өздері үйде жалғыз қалып өміріне қауіп төнген кезде 112 қызметіне өз еркімен қалай қоңырау соғуын үйрету керек, — деп түсіндірді Мақсат Әшірбайұлы.

Оның сөзінше, әр бала өзінің және әке шешесінің аты-жөнін, мекенжайын, жұмыс орнын, байланыс нөмірін, үй телефон нөмірін айта алғаны жақсы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.