Биыл Жамбылда 67 мыңға тарта адам атаулы әлеуметтік көмек алады

0 34
Былтыр Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмекпен 61 441 адам қамтылып, оларға 3,4 млрд. теңге төленді. Сонымен қатар, 9 384 отбасымен әлеуметтік келісім-шарт жасалды. Ал жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 19 647 адам тартылды. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде аймақтағы әкімдіктің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Жорабек Баубеков айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ол жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 688 отбасы 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант алғанын атап өтті.
«Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың, жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың жоспары 76,6 пайыз болса, орындалуы 80 пайыздан асты. Кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 16 754 бала қаңтар-желтоқсан айларында толық қамтылып, 715,5 млн. теңге қаржы жұмсалды», — деді Жорабек Нұрмергенұлы.
Ол биыл атаулы әлеуметтік көмекпен 66 987 адамды қамту жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оларға барлығы 4,9 млрд. теңге қаралған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.