«Саналы ұрпақ» клубының белсенділерімен кездесу өтті

0 19

Дулати университетінің «Саналы ұрпақ», «Фемида» және «Жас отан» ұйымдарының белсенді студенттерімен кездесу өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Ұлтанбаев қатысты.

Іс-шара барысында департаменттің бас маманы А.Ажибаев қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бағытында департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кешенді шаралар туралы кеңінен баяндап өтті.

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова қоғамда орын алатын тұрмыстық жемқорлықтың көбісі азаматтардың өз құқықтарын жетік білмеуінен екеніне тоқталып, жастарды құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталып, жастарды сапалы білім алуға шақырды.

Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Ұлтанбаев өз кезегінде университетте жастарды белсенді болуға, білім мен қатар қоғамдық іс-шаралар мен түрлі конкурстарға қатысып, мүмкіндікті барынща пайдаланып, білімін жан-жақты жетілдірудің болашақ мамандар үшін маңызды екенін жеткізді.

Іс-шара соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.