Жамбыл облысының тұрғыны өз үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған

0 14

2022 жылғы 16 ақпанда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Күдіктінің үйінің аумағына тінту жүргізу кезінде ауладағы сейфтен ішінде өзіне тән өткір иісті ұсақталған өсімдік тәріздес заты бар қап пен үш полиэтилен пакет алынды. Сондай-ақ, орылған шөптің арасынан каннабисті ұсақтайтын елек табылды.

«Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі заттары — салмағы 16 келі 190 грамм «гашиш» және 39 келі 870 грамды құрайтын «марихуана» болды.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оған қатысты есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.