Бала туудың жаңа рекорды тіркелді

0 53

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, елімізде өткен жылы 450 652 нәресте дүниеге келіпті.

Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25 мың сәбиге немесе 5,9 пайызға артық. Өткен жылы 1000 адамға шаққандағы бала туу коэффициенті 23,41 болған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 22,40 болған еді.
Бұған дейін бала туу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген екі жыл бұрын тіркелген болатын. Ол кезде бір жылда 425 618 нәресте өмірге келген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.