КҮШ – БІРЛІКТЕ!

0 46

Қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш құрылымдарының бірлескен іс-қимылдарының ерекше роль атқаратыны – қаңтардағы қақтығыста ел ішін ала тайдай бүлдіргісі келген арам пиғылды бүлікшілердің заңсыз әрекеттеріне тойтарыс беру кезінде тағы бір мәрте дәлелденгендей болды.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты ЖД -158/4 мекемесінің қызметкерлері сол бір жаппай тәртіпсіздік кезінде Тараздағы 5513 әскери бөлімімен бірге жұдырықша жұмылып, содырларға қарсы мейлінше күресті. Бұған дейін де аталған әскери бөлімімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын түзеу мекемесі қиын сәтте демеу болып, қолдау көрсеткен әріптестерін еліміздің аумағында енгізілген төтенше жағдай кезінде қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, құқық пен тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін, сонымен қатар, 10- қаңтар – Қазақстан Республикасының «Ұлттық Ұлан» Ұлттық гвардиясының 30- жылдық мерейтойымен, 25 –ақпан – 5513 әскери бөлімінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Естелік ретінде мерекеге орай, бағалы сыйлық табысталды. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты ЖД -158/4 мекемесінің жеке құрамының және басшылықтың атынан әскери бөлім қызметкерлеріне алғыс білдірілді.

Түзеу мекемесінің бастығы, Әділет полковнигі Ерлан Мейрманұлы Тоқанов ел сақшыларының отбасыларына амандық, дендеріне саулық, қызметте мол табыс пен кәсіби өркендеу тіледі. Алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.