Жамбылда “Автобус” іс-шарасы аясында 287 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

0 21

Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус»жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер қоғамдық көліктерде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтауына, жол белгілері мен таңбалау, маневр жасау, жол қиылыстарынан өту талаптарын сақтауына ерекше көңіл бөлінеді.

«Автобус» жедел -алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 287 дерегі анықталды. Түрлі бұзушылықтар үшін коммуналдық тұраққа 11 автобус қойылды.

Әкімшілік полиция қызметкерлері көлік құралдарын рейс алдында тексеруге ерекше назар аударды, өйткені адамдарды тасымалдаумен немесе жүктерді жеткізумен айналысатын барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер көліктің жол қозғалысы қауіпсіздігінің техникалық нормалары мен талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және ақаулы көліктерді желіге шығармауға міндетті.

«Техникалық ақаулары және пайдалану ережелерін өзге де бұзушылықтары бар көлік құралдарын пайдалануға бергені үшін автобус парктерінің 5 лауазымды тұлғасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 617-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автобус паркінің тағы бір жауапты қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 619-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті санаты жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жібергені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Механик 45 450 теңге көлемінде айыппұл төлейді»» — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мектеп автобустарын балаларды боқу орындарына тасымалдауға тартылған кәсіпорындардан желіге шығарған кезде тексереді.

«Автобус» жедел -алдын алу іс-шарасы 2022 жылдың 21 ақпанында басталып, 2 наурызында аяқталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.