Дариға Назарбаева Мәжілістегі өкілеттігінен бас тартты.
«Бүгін Мәжілістегі өкілеттігімнен бас тарту туралы шешім қабылдадым және қоғамдық, гуманитарлық, мәдени, қайырылымдылық істеріне ден қоймақпын.
Мен «Nur Otan» партиясына дауыс берген барлық қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына артқан сенімдері үшін алғыс айтамын. Әрі қарай да еліме қызмет етемін. Бұл үшін лауазым қажет емес», — деді Дариға Назарбаева өз хабарламасында.