САРЫСУДА АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘУЕЗДІ КЕШ ӨТТІ

0 11

Қадыр ақын айтпақшы, «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген. Бүгін ардақты аналардың төл мерекесіне орай, Саудакент балалар саз мектебінің ұйымдастырумен, ұлттық аспаптарды ұлықтайтын керемет кеш өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Саудакент мәдениет үйінде өткен концерттік бағдарламаға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, аяулы аналар мен қыз-келіншектерді мерейлі мерекелерімен құттықтады.

«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты сазды-әуенді кеш, мектеп оқытушылары мен үздік тәрбиеленушілерінен құралған оркестрлік репертуармен басталды. Үлкен оркестрді аталан саз мектебін ұзақ жылдар басқарып, бүгінде зейнет демалысына шыққан мәдениет қайраткері Аубакиров Мұрат Қонашұлы дирижерлық етті.

Сондай-ақ, концерттік бағдарлама барысында Жайылма, Игілік, Саудакент ауылының майталман және жас өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, көрермен көзайымына айналды. Әсіресе, Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің ұстазы, дәстүрлі әнші Игенбаева Дариғаның орындауындағы, А.Қоразбаевтың «Ару ана», Ш. Қалдаяқовтың «Теріскей» әндерін көпшілік қосыла шырқады.

Айта кетейік, Ықылас Дүкенұлы атындағы Саудакент балалар саз мектебі алғаш 1971 жылы ашылған. Бүгінде 260 бала тәрбиелеп отырған білім беру нысанында 40-тан аса оқытушы домбыра, қобыз, баян және фортепиано аспаптарынан дәріс береді. Оқыту мерзімі 5-7 жыл аралығында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.