Сарысу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ведомствоаралық жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Шара барысында Жаңатас қаласының тұрғынын ұстады,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жүргізілгенде үйінен 3 дана автомат, 121 дана оқ-дәрі және 1 газдан қорғанатын құрал табылды. Тергеу барысында аталған атыс қарулары мен оқ-дәрілердің жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қоймасынан ұрланғандығы және осы қылмысқа тағы 2 тұлғаның қатысы бар екені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, сотпен бір күдіктіге қатысты «үй-қамақ» және екі күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.