Андас батыр шекара заставасында әскери борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішов 2- наурызда ұшты-күйлі жоқ болып кеткен еді. Содан бері 7 күн өтсе де, сарбаз әлі табылған жоқ. Жоғалған жігіттің туыстары шекара заставасының маңында іздеу жұмыстарын өздері жүргізіп жатыр екен. Олар 50 шақты адаммен әскери бөлімнің айналасын түгел қарап шыққан. Бірақ, әзірге сарбазды көрген-білген адам жоқ.
Туыстары Ұлықбекпен 1-наурыз күні хабарласқан екен. Ұлықбек Бердішовтің жоғалғаны жайында ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайтында қысқа ғана хабарлама жарияланған. Әзірге басқа ресми дерек жоқ.