Ағымдағы жылдың 2 наурызы күні Шу ауданы әкімі мен Бірлік ауылдық округі әкімінің халық алдындағы бірлескен есебінде көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын Бірлік ауылы, Бейбітшілік көшесі №4 мекен жайда орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйде ауыз су тапшылығы туралы мәселе көтерілген болатын, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Аудан әкімі Сакен Арубаев ауыз су мәселесін шешу үшін тиісті мекеме басшыларына тапсырма жүктеген болатын.
Бүгінгі күні, Бейбітшілік көшесі №4 мекен жайда орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйге орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылып, толығымен қамтамасыз етілді. Өз кезегінде тұрғандар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.