Мойынқұм ауданында аудан, округ әкімдерінің халық алдындағы бірлескен есебі жалғасуда , деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ұланбел, Қарабөгет, Қылышбай ауылдық округтерінде өткен бірлескен есепке аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Қалымбетов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, аудандық полиция бөлімінің басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесулерде ауыл тұрғындары интернет жылдамдығының төмендігі, көгілдір отын, егін суының аздығын айтып, жайылымдық, шабындық жер берілсе, ауыл көшелері асфалтьталып, жол белгілері қойылса және ауыл тазалығына байланысты ұсыныстарын жеткізді.
Жиында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ұсыныс-сауалдарды мұқият тыңдап, тиісті заңдылықтарға сай жауап беріп, кейбір сұрақтарға байланысты ауыл әкімі мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.