Ағымдағы жылғы қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні елде болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз тұлғалар қаланың шағын аудандарының біріндегі ұялы телефондар сататын дүкенге кіріп, жалпы құны 188,5 мың теңге көлеміндегі ұялы телефондар мен смарт-сағаттарды жасырын түрде ұрлап кеткен , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бес адамнан тұратын топты анықтап, ұстады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық бұзушыларға екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза қарастырылған.