АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 11% ЖАҢАРАДЫ

0 2
Аймақта биыл 1300-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы жаңару көрсеткішін 11%-ға жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі уақытта барлығы 205 ауыл шаруашылығы техникалары алынса, оның ішінде 3 комбайн, 47 трактор, 155 дана басқа техникалар бар , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Яғни, инвестициялық субсидиялау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған шаруалардың шығындары субсидияланады. Өтеу пайызы 25% құрайды.
Ал, еліміздің аумағында өндірілетін отандық техника 5 пайызға артық субсидияланады, ол 30% құрайды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникаларын алған 44 агроқұрылымға 500 млн. теңге субсидия төленді.
Техникаларды жаңарту жұмыстары мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.