Облыс әкімі нысандарды аралады

0 23

Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының №11 аумақтық округіндегі бірқатар нысандарды аралады.Аймақ басшысы алдымен «Көлтоған» шағын ауданындағы беріліп жатқан 369 гектар жер телімін көріп, «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Казарма», «Жиделі» тұрғын алқаптарына жүргізілген электр желісінің құрылыс жұмыстарымен, 28 саяжайдағы ауыз су тарту мәселесімен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Нұржан Нұржігітов жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілетін алқаптарға инфрақұрылымның тартылуына баса назар аударып, қала маңындағы тұрғын алқаптардың ауыз сумен, газбен, электр энергиясымен үздіксіз қамтылуына, тариф мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

— Біз тұрғындарға нақты, ашық ақпарат беруіміз керек. Әрқайсымыз әртүрлі әңгіме айтатын болсақ, халықтың сенімсіздігі, наразылығы содан туындайды,-деген облыс әкімі жауаптыларға инженерлік желілерді тарту бойынша жұмыстарды сапалы әрі жедел жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.