Асанәлі Әшімов — 85 жаста

0 128

Биыл КСРО Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 85 жасқа толады. Тұлғаның мерейтойына орай Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында Халық әртісінің шәкірттерінен құралған «Жаңа ғасыр» театрының актерлері «Тағдыр тағдыры» спектаклін ұсынды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімовтың өзі. Спектакльден кейін сахнаға шығып, құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Асанәлі Әшімовтің еліміздің рухани-мәдени өміріне қосқан зор үлесін атап өтіп, оның асқан таланты, ерік-жігері мықты қасиеттеріне айрықша тоқталды.

— Асанәлі Әшімов — тек жамбылдықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышы. Сіздің ел мәдениетін дамытуға, жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесіңіз орасан. Бүгін Сіз өз шәкірттеріңізбен бірге жерлестеріңіздің назарына әсерлі қойылым ұсынып, керемет көңіл-күй сыйладыңыздар. Сіздерге зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеймін, — деді Нұржан Нұржігітов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.