Жамбылдық мамандар жаңа технологиямен бүйрек ауыстырды

0 15

Жамбылдық мамандар жаңа технологиямен бүйрек ауыстырды — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Күрделі ота 5 мамырда қалалық көпбейінді ауруханада жасалған. Бұл аурухана – құрамында нефрология және гемодиализ бөлімшесі бар облыстағы ең ірі медициналық ұйым.
Донорлық бүйректі ауыстыру бойынша жоғары технологиялық операция сәтті өтті. 22 жастағы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауыратын пациентке, 56 жастағы анасының сау бүйрегі ауыстырып салынды.

Бүйректі транспланттау бойынша операцияны Нұр-Сұлтан қаласынан келген трансплантологтың қатысуымен қалалық көпбейінді аурухананың хирургтары мен урологтары 5 сағат ішінде жасап шықты. Биыл бүйрек трансплантациясы бойынша 2 маман біліктіліктерін арттырып келген еді. Бүгінде облыс бойынша бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар 903 пациент динамикалық бақылауда, оның ішінде бүйрегі ауыстырылған 64 адам және бағдарламалық гемодиализдегі 722 пациент бар. Трансплантацияланатын бүйрегі бар пациенттер арасында: ересектер — 61, оның ішінде, облыс аудандарында — 22 адам, жасөспірімдер — 2 және 1 бала. Қазір ағзаларды транспланттауға арналған «күту парағында» облыс бойынша 6 — ересек адам бауыр, 103-і бүйрек, оның ішінде 9 бала және 3 ересек адам жүрек ауыстыруға мұқтаж.

Leave A Reply

Your email address will not be published.