Жолдау жүктеген міндет:Байзақ ауданында 1250 жаңа жұмыс орны ашылады

0 8

Облыс әкімі бұған дейін Тараз қаласы мен аудандардың даму жоспарларымен жеке-жеке танысып, тұрғындардың тұрмысын арттыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өзекті мәселелерді шешу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Облыс әкімдігіне қарасты салалық басқармалар аймақ басшысына есеп беруді бастады — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ең алдымен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары облыс әкіміне атқарылған жұмыстарды баяндады. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін облыс тұрғындары таза ауыз су және табиғи газбен толық қамтылуы тиіс. Негізгі жұмыстар биыл және келесі жылы атқарылуы қажет. Сондықтан, жобалардың басым бөлігі алдағы екі жылға жоспарланады.Бұл қала маңындағы тұрғын алқаптарға да қатысты.

Халық саны аз ауылдарды да инфрақұрылыммен қамту мәселесіне назар аударылады. Өйткені, ол ауылдарға қажетті жағдай жасалғанда ғана, жастар сонда тұрақтап, халықтың шоғырлануы қалыптасуы мүмкін болады.

Сондай-ақ, аймақтағы жолдарды жөндеу жұмыстарында сапаға айрықша ден қойылатын болады. Бір жолды жыл сайын жөндеп, жөнсіз шығындалуға жол берілмейді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық көлік қызметін жетілдіру – өзекті мәселе.

Осыған қатысты облыс әкімі жауапты тұлғаларға мәселелерді анықтап қана қоймай, оларды тиімді шешу жолдарын да ойластыру міндеттерін жүктеді. Басқармаларға қатысты кейбір мәселелердің ауқымдылығына байлагысты электр энергиясымен қамту, тариф саясаты, жылу-энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы мәселелер алдағы уақытта тағы да жеке-жеке, жан-жақты қарастырымақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.