Көктемнің күні- жылға азық. Егін егу науқанын сапалы өткізуге баса назар аударуды Президент Жолдауында да атап айтқан болатын. Үкімет пен әкімдіктерге бұл жұмысты ерекше бақылауға алуға тапсырма берілген. Жамбылдық шаруалар қауымы қолайлы ауа райын пайдаланып, тәулік бойы тынбай еңбек етіп жатыр.
Көктемгі дала жұмыстары аяқталуға таяп қалды. Бүгінде жаздық масақты дәнді дақылдарды себу жұмыстары 97,3% орындалды. Биылғы жылы масақты дәнді дақылдар 222,0 мың гектарға себіліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға артты.
Астықтан бөлек, 34,7 мың гектарға көп жылдық шөп, 16,5 мың гектарға бақша дақылдары, 17,3 мың гектарға дәндік жүгері, 70,0 мың гектарға майлы дақылдар және 27,1 мың гектарға бір жылдық шөп егіліп, себу жұмыстары аяқталды. 11,3 мың гектарға картоп, 40,9 мың гектарға көкөніс, 4,8 мың гектарға қант қызылшасы отырғызылып, дала жұмыстары 98,0% аяқталды.