Тиімді технологиямен суарылатын егіс көлемі артады

0 8

Тиімді технологиямен суарылатын егіс көлемі артады. Өңірлердегі жауын-шашынның аз болуы — егіннің шығымын мандытпай, жемшөптің жетіспеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да, қолайлы ауа райын тиімді пайдаланып, техниканы сайлап, тұқым қорын қамдап, тыңайтқыш пен сұйық отынды уақытында жеткізу — міндет. Президент өз Жолдауында бұл бағытты бақылауды Үкімет пен әкімдерге тапсырған. Жамбыл облысына келетін су көздерінің басым бөлігі- көрші мемлекеттерден бастау алады. Сондықтан, облыста суды тиімді пайдалану және суармалы судың ысырабын азайту — үнемі назарда.

Су үнемдеу технологиялары 2020 жылы егіс алаңының 30 мың гектарына енгізілген болса, 2021 жылы 40,5 мың гектарға жеткізілген болатын. 28,3 мың гектар жерге тамшылатып суғару, 12,2 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суғару технологиясы қолданылды. Биыл су үнемдеу технологиясын облыс бойынша 50,0 мың гектарға жеткізу жоспарланған.

Одан бөлек, биыл 4,5 млрд. теңгеге «Valley» компаниясымен 2,6 мың гектар алқапқа 50 жаңбырлатқыш қондырғысы орнатылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.