2025 жылға дейін Жамбыл облысында 79 730 жұмыс орнын ашу көзделуде — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңір әкімдеріне 10 мың тұрғын үшін 100 жұмыс орнын ашу туралы меже қойған еді. Аймақтың өңірлік картасының негізінде Жамбыл облысында 2022-2025 жылдар аралығында 80 мыңға-жуық жұмыс орны ашылмақшы. Тұрғындарды еңбекке тартып, жұмыспен орнын құру мәселесі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы шешілмек.
Нарыққа орай бүгінде халықтың табысын арттырып, еңбекпен қамту өте өзекті мәселелердің қатарында. Кәсіпкерлік басқармасының мәліметіне сүйенсек биылдың өзінде облыста құны 100,5 млрд теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақшы.
Ал биыл «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49500 адам тартылады деп жоспарлануда. Жыл басынан бері 12290 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, оның 12038-і жұмысқа орналастырылған. Оның 6216-сы тұрақты.
— Ағымды жылдың 1 мамырындағы ақпаратқа сәйкес 107 адам 131,0 млн. теңге қайтарымсыз грант алды. Қазіргі уақытта Еңбек министрлігі тарапынан грант берудің жаңа Қағидалары дайындалу үстінде. Осыған орай, Министрлік тапсырмасына байланысты жаңа Қағида бекітіліп келгенге дейін грант беру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Жаңа Қағида бекітілісімен грант беру жұмыстары қайта басталады,-деді Кенжебек Олжабай.
Өңірлік карта аясында 2022-2025 жылдары аралығында облыста 79730 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облысты дамыту бағдарламасы аясында 2022-2025 жылдары аралығында жеке инвестициялық жобалар шеңберінде 14827 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.