Желіде жол жиегіндегі темір шарбақты бұзып өтіп, каналға құлаған көліктің видеосы тарап жатыр

0 11

Желіде жол жиегіндегі темір шарбақты бұзып өтіп, каналға құлаған көліктің видеосы тарап жатыр.

Бейнежазбаны инстаграмдағы kris.p.taraz паблигі жариялады. Жол апаты Қазақ хандығы монументі маңында, Тараз-Арена спорт кешенінің алдында болған. Көлік көпірдің бетон қабырғасына соғылып, каналға құлаған.

Жол-көлік оқиғасы мектеп түлектерінің қатысуымен орын алған болуы мүмкін. Әзірге оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы ресми мәлімет берілген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.