ЖАҢАТАСТАҒЫ МЕКТЕПКЕ ҚОНАЕВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

0 11

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласына қарасты «Дегерес» елді мекеніндегі мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бүгін білім ошағының алдында еңселі ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Жиынға аудан әкімі, зиялы қауым өкілдері және ұстаздар мен мектеп түлектері қатысты. Бұрын Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің аты неге ауысқанын аудан әкімі түсіндірді. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылдың 11 сәуірдегі №204 қаулысына сәйкес, осынау білім ошағына қазақтың біртуар азаматы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді. Биыл Ұлы тұлғаның туғанына 110 жыл мерейтойы қарсаңында бұл біз үшін үлкен қуанышты жаңалық болды. Бұл мектеп бұған дейін Алаш зиялысы Сәкен Сейфуллиннің атымен аталып келген болатын. Алайда біздің ауданда Сейфуллин атындағы мектеп екеу болғандықтан, біріне Қонаевтың есімін беруге ұсыныс бердік. Мұнымызға аудан тұрғындары мақұлдасып, бастамамызға оң бағасын берді.

Ол мектеп Қамқалы ауылдық округіне қарасты Шығанақ ауылында орналасқан. Сөз соңында айтарым, Дінмұхмед Ахметұлының есімін ұлықтауға арналған іс-шараға, ескерткіш-бюст орнатуға атсалысқан барлық азаматтарға және жиынға қатысқан қадірменді қонақтарға айрықша алғысымды білдіремін», — деді аудан әкімі. Қоғам қайраткерінің есімін иеленген бұл мектеп 784 балаға шақталған бұл мектеп 1987 жылы пайдалануға берілген. 2012 жылы толық күрделі жөндеуден өткен. Мұнда қазір 756 оқушы білім алып жатса, оның 34-і биыл мектепті бітіріп жатыр. Бітіруші түлектердің үшеуі «Алтын белгіге» үміткер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.