Жамбыл облысында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы пайдалануға берілді

0 38

Жамбыл облысында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы пайдалануға берілді — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Балалар жылына орай Жамбыл облысында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Ғимараттың салтанатты ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен білім беру ұйымдарының басшылары, ҮЕҰ мүшелері мен ұстаздар қатысты.

«Бақытты болашақ» оқушылар сарайында ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тілдік, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы өнер, спорттық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бір күнде 2453 баланы қамтыуға мүмкіндігі бар. 580 топта 81 үйірме жұмыс істейді. Орыс және қазақ тілінде жүргізілетін сабақтар бойынша 187 ұстаз білім береді.
Оқушылар үшін 31 оқу кабинеті, 1350 орынға арналған концерт залы, планетарий мен спорт залы бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.