Жамбылдықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

0 5

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға қатысушылардың қатарында облыстық және қалалық мәслихаттардың, Ардагерлер кеңестерінің, Қоғамдық кеңестердің, «Amanat» партиясы облыстық филиалының, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, қайғылы кезеңде қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жақындары да болды.

Жамбылдықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.