Облыс әкімі балаларды мерекемен құттықтады

0 4

Құрметті жамбылдықтар,

Қымбатты балалар мен ата-аналар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін мереке.

Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор.

Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі секілді мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қанатты сөз бар. Біз үшін өсіп келе жатқан балаларымыз жақсы білім алып, келешекке нық қадам басуы бәрінен маңызды.

Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, балалық кезеңдерін бақытты өткізуге барлық жағдай жасалуда. Бұл тұрғыда біздің облысымызда да балаларды қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Күні кеше Тараздан ашылған заманауи оқушылар сарайы соның бір ғана көрінісі. Бұдан бөлек көптеген балабақшалар, ойын алаңшалары, спорт кешендері, оңалту орталықтары салынуда.

Балаларымызды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтары жарқын, аспаны ашық болуын және мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.