Сәбидің күлкісі — әлемнің сыңғыры

0 8

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Меркі ауданында да кеңінен аталып өтті. Асанбай Асқаров атындағы орталық стадионда «Сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Балалардың көңіл-күйін көтеріп, қуаныш сыйлауға бағытталған іс-шарада стадион мерекеге сай безендіріліп, анимациялық көріністер, ойын-сауық алаңы, «Шеберлер қаласы» атты көрме және спорттық ойындар мен эстафеталар балаларды шаттыққа бөледі.

Салтанатты шараға арнайы келген «Өрлеу» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Сұлушаш Құрманбекова балаларды мерекемен құттықтады. «Балалар — біздің болашағымыз. Мемлекет тарапынан олардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалынған. Жыл сайын өңірімізде жаңа мектептер мен қосымша білім беру мекемелері ашылуда. Балаларымыз бүгінгі терең білім алса, жан жақты тәрбие алса, еліміздің ертеңгі күні жарқын болмақ. Сондықтан, бүгін осындай мереке күні бүлдіршіндерімізді құттықтап, оларға бақыт тілеймін. Салауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеу, оларға сол жолда үлгі өнеге көрсету – мына біздің, яғни аға буынның басты міндеті деп білемін. Мереке құтты болсын», – деді Сұлушаш Құрманбекова. Ең көңілді мерекемен аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев те бүлдіршіндерді құттықтады.

Аудандық мәдениет үйі және білім мекемелері өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көптің көңілінен шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.