Жамбылда жазғы мектептерге 103 мыңға жуық бала қатысуда

0 30

Жамбыл облысындағы 365 мектепті 11 762 оқушы бітірді. 490 оқушы «Алтын белгі» төс белгісіне үміткер. Ал, 9-сыныпты – 21 213 оқушы аяқтады. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын орындау және білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында барлық мектептерде «Жазғы мектепте оқыту» сабақтары ұйымдастырылды.  Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бүгінгі күні жазғы мектептерге 102 869 бала қатысуда. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Сондай-ақ, мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілген.

«Қорытынды аттестаттау 9, 11 сынып оқушылары арасында 27 мамыр – 10 маусым аралығында жүргізілуде. 9 сыныптарда қорытынды бітіру емтихандары 4 пән бойынша, ал 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау 5 пән бойынша мектептерде өтіп жатыр. Түлектердің мектеп бітіру кештері 17 маусымда ұйымдастырылады. Жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру кештерін білім беру ұйымының қабырғасында өткізу жөнінде тапсырма берілді. 2022 жылғы ҰБТ электронды форматта компьютерлік тест түрінде «1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізілуде», — деді спикер.

Айдын Орынбекқызы Ұлттық бірыңғай тестілеу 4 рет — қаңтар, наурыз, мамыр-шілде, тамыз айларында өткізілетінін еске салды. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін және уақытын өзі таңдайды. Мамыр-шілде айында өтетін тестілеуге қатысушылар мемлекеттік білім беру грантын алу үшін конкурсқа қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 28 сәуір-14 мамыр аралығында жүргізілді. . Бүгінгі күні қатысу үшін 11762 мектеп бітірушінің 8842-і (75,2%) тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.