Оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстарын өткізу туралы ақпараттық хабарлама

0 8

2022 жылдың 6 маусымынан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданының маңындағы шалғай таулы жерде оқ-дәрілер фрагменттерінің бақыланатын жарылыстары қайта басталады.

Жарылыстар жер таулы, шөлді, елді мекендерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан аймақта жүргізіледі.

Барлық параметрлер бойынша бұл аумақ бақыланатын жарылыстарды жүргізуде халықтың қауіпсіздігі, оқ-дәрілердің фрагменттерін тасымалдауды және жоюды жүзеге асыратын инженерлік-саперлік бөлімшелердің жеке құрамының қауіпсіздігі  үшін ең қолайлы орын болып табылады.

Бұл аумақ Жамбыл облысының әкімдігімен қарастырылған, ешкімнің жеке меншігі болып табылмайды.

Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде аталған алаң әскери полиция қызметкерлері мен Жамбыл облысы Байзақ ауданының ПБ-мен бірлесіп қоршаланатын  болады.

Жарылыс жұмыстары күн сайын 6 маусым мен 25 қараша аралығында дүйсенбіден-жұмаға дейін күніне екі рет, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт аралығында жүзеге асады.

Жарылыстың дыбыс және сейсмикалық ықтимал әсерін төмендету мақсатында оқ-дәрілердің фрагменттерін жою аз мөлшерде жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек жарамсыз оқ-дәрілерді одан әрі жою үшін Мәтібұлақ полигонына шығарылатын болады.

 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.