Жамбылдықтар 492 референдум учаскесінде дауыс береді.
Бүгін — Ата Заңға елеулі өзгерістер енгізуге арналған референдум күні. Әр азамат елдің болашағы үшін өз таңдауын жасап жатыр. Жамбыл облысында 492 референдум учаскесі жұмысын бастады. 688 001 облыс тұрғыны осы учаскелерде өз дауысын беруге құқылы. 298 референдум учаскесінде 1000 нан артық дауыс беруші бар. 21 референдум учаскесі жабық, ал 471 ашық референдум учаскесінің барлығы байқаушылармен қамтылған.