Байзақ ауданында референдум учаскелері маңында жәрмеңке ұйымдастырылды

0 21

Байзақ ауданында референдум учаскелері маңында жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президентіміз бұдан былай әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды болатынын айқындап отыр. Өйткені референдум — елдің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің төте жолы. Ел болашағы үшін маңызды сәттің бірі — Жалпыхалықтық референдум Байзақ ауданында да белсенді өтуде.

Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов алғашқылардың бірі болып референдум учаскесіне келді. Ол № 126 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс беруге келген аудан тұрғындары үшін учаскелер маңында ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Түрлі көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, тағы басқа да өнімдер сөрелерге нарық бағасынан төмен сатылып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.