Жамбыл ауданының тұрғындары референдумға отбасымен келуде

0 36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға толықтырулар мен өз­герістерді Жалпыхалықтық референдум арқылы енгізбек. Бүгін дауыс беруге құқығы бар әр азамат өз таңдауын жасап жатыр. Елеулі шара Жамбыл ауданында да белсенді өтуде.

Аудандағы 34 референдум учаскелерінде 50254  дауыс берушілер саны тіркелген.Қазіргі таңда барлық референдум учаскелері жұмыс істеп тұр. Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округінің тұрғындары дауыс беруде белсенділік танытуда.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі референдум учаскесіне  отбасымен келіп дауыс беріп жатыр. Өзенбаевтар, Жарасовтар, Тұрысбековтер, Рәшімбаевтар, Саршаевтар отбасы өз дауыстарын берді. Референдум учаскелері кешкі 20.00 дейін ашық болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.