Ағымдағы жылдың 5 маусым күні таңғы 08.00-ден бастап Жамбыл облысы аумағында референдумның 492 учаскесі жұмыс жасады. Аймақтағы референдумға қатысу құқығы бар ел азаматтарының жалпы саны 688, 369 адамды құрады. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде өңірдегі сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Оның мәліметінше, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 477 290 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 69,39 %ын құрады. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны облыстағы дауыс беруге қатысқандардың 78,63 пайызын немесе 375, 277 адамды құрады.
«Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтар 17,85 пайызын немесе дауыс беруге қатысқандар санының 85,173 адамын құрайды. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,65% немесе 7,854 бюллетеньді құрады. Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 1,89% — ды немесе 8,986 бюллетеньді құрады», — деді спикер.
Облыстағы барлық референдум учаскелерінде республикалық қоғамдық ұйымдардан 2 283 өкіл қатысты. Учаскеде дауыс беруге қатысқан ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны 1 067 адамды және олардың үйде дауыс бергендері 1 128 құрады.