Үйге газ тарту арзандауы мүмкін

0 10

Үйге газ тарту арзандауы мүмкін. Бұл мәселе үкімет сағатында талқыланды. Жиында бұл қызметтің неге қымбат тұратыны, оны арзандату жолдары қарастырылды. Қазір жер үйге көгілдір отыр кіргізу құны 1-1,5 миллион теңге тұрады. Мұндай қаржыны көпшіліктің қалтасы көтермей, үнемі мәселе туындап жатады.

«Заң бойынша газ құбырын үйдің жанына дейін тартамыз. Оны үйге кіргізу үшін 1 миллионнан астам қаражат төленуі тиіс. «Qazaq Gas» АҚ монополия тудыруы мүмкін деп компанияға бұл жұмыспен айналысуға тыйым салынған. Оған біздің қатысымыз жоқ. Бұл нарықта ашық көрсетілетін қызмет. Қызмет құнын төмендету туралы ұсыныс енгізгеміз. Егер «QazaqGas» АҚ бұл жұмысты атқарса, қызмет құнын айтарлықтай төмендетуге болады», — деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Ал, «Qazaq Gaz» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов елімізде үйге газ тарту неге қымбат екенін түсіндірді. «Үйге газ тарту неге қымбат? Біріншіден бағаның 70%-ы құрал-жабдыққа байланысты: қазан, комфорка және тағы басқа. Бұл тауарлардың барлығы шетелден келеді, яғни бәрі импорттық тауарлар. Қалған 30%-ы құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланысты. Бұл мәселені шешу үшін отандық өндірісті дамыту керек.

Шетелден жеткізілетін тауарларды Қазақстанда шығаруға болады. Оның еш қиындығы жоқ. Сонда бағаны айтарлықтай төмендетуге болады. Екіншіден, сервис. Бұрын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы жұмыс істеген кезде үйге газ тарту бағасы 2-3 есе төмен болатын, яғни үйді газға қосу үшін 313 мың теңге алатынбыз. Бірақ біз нарықтағы жұмысты тоқтатқан кезде жеке сектор бұл қызмет бағасын 2-3 есе көтеріп жіберді. Үшіншіден, жергілікті әкімдіктер бюджет бағдарламасына үйге газ тарту құнын да қосып, жұмысты сапалы жүргізуі керек. Қазір олар газ құбырын үйге кіргізбейді. Бұл мәселелерді реттесек, көп мәселе шешіледі», — деді Санжар Жаркешов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.