Облыс әкімі сыбайлас жемқорлық бойынша ұйымдастырылған республикалық конференцияға қатысты

0 10

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені» тақырыбындағы республикалық конференцияға қатысты. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара бейне-байланыс режимінде өтті. Аталған РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев конференцияны жүргізіп отырды.

Облыс әкімі өзінің кіріспе сөзінде кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі екендігін баса айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында өңірде құзырлы органдарымен бірқатар бірлескен іс-шаралар атқарылуда.

Жемқорлықтың алдын алу бағытында арнайы ведомствоаралық комиссия құрылған. Комиссия отырыстары тоқсан сайын өткізілуде. Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында облыста және аудандар мен Тараз қаласында «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері іске қосылған.

Тұрғындарға сапалы және бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін аймақта қалалық және аудандық деңгейде 12 сервистік әкімдік жұмыс атқаруда. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге инвесторларға және кәсібін бастағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету орталығы арқылы қолдау көрсетілуде.

Аймақ  басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың бір мысалы ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы шараларға тоқталып өтті.

— Былтырғы жылы облыстық прокуратурамен бірлескен әкімдік отырысы өтіп, арнайы іс-шаралар қабылданып, алгоритм бекітілді. Барлық аудандарда субсидия беру ережесін қатаң сақтау бойынша мониторинг топтар құрылып, жұмыс істеуде.  Тиісті салалық басқарма шаруашылықтардың субсидия алу мәдениетін қалыптастыру бойынша әрекет етуде. Қызметкерлерді арнайы түзеу мекемесіне апарып, таныстыру мақсатында шаралар ұйымдастырылды. Осы бағыттағы жұмыстар барлық салада қолға алынуда,-деді Н. Нұржігітов.

Сондай-ақ, басқосуда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Қайрат Баймулдинов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Ғани Тубаев,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Шәкір Сұлтанхан, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының директоры Қасымхан  Төлендиев және тағы басқалар баяндама жасады. Олар  сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті, әрбір азамат бұл мәселеде бейтарап қалмауға тиіс екендігін жеткізді.

Қатысушылар «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» тарапынан ұйымдастырылған бұл шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, тақырып аясындағы ойларын ортаға салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.