Аймақта мал басы артты

0 7

Жамбыл облысында мал басы 4,4% артқан. Бұл мәліметті ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов өзінің фейсбуктағы парақшасына жариялады,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аймақтағы мал саны 4,8 млн. басты құраса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,4% артқан. Оның ішінде мүйізді ірі қара саны – 556,2 мың басқа жетіп, 4,0%-ға, ұсақ мал саны – 4,0 млн. басты құрап, 5,1%-ға, жылқы саны – 178,1 мың басқа жетіп, 8,8%-ға көбейген.

Биылғы жылғы мал төлдету науқанында 1 157,4 мың бас қозы отарға қосылса, 115,2 мың бас бұзау, 31,5 мың бас құлын алынды. Жыл басында облыс шаруашылығының барлық санатында асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының саны — 116,0 мың басқа жетіп, жалпы үлес салмағы 23,3% құраса, асыл тұқымды қойдың саны – 850,5 мың басқа жетіп, үлес салмағы 28,3% құрады,- делінген жазбада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.