Илья Жақанов туған жері Сарысу ауданына келді

0 66

Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық Жамбыл Жабаев, Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтардың иегері, Қазақстан және Қырғызстан республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, композитор, өнертанушы, суретші, абыз ақсақал Илья Жақанов кіндік қаны тамған Сарысу ауданына келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Менің Жарлығыммен еліміздің ең жоғары атағы аса құрметті композитор, жазушы, өнертанушы Илья Жақановқа беріледі. Илья Жақанов қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы. Оның әуезді әндері, әдеби туындылары және зерделі зерттеулері ұлт руханиятына қосылған құнды қазына. Ол халқымыздың рухани байлығын еселеп, ұлттық музыка өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Қазақстанның еңбек ері атанды», — деп, жерлесімізге үлкен баға берді.

Ілия Жақановтың Сарысу ауданына келу құрметіне іс-шаралар жоспары құрылып, арнайы бағдарлама әзірленді. Сапарын Қызылорда қаласынан бастап, көрші Созақ ауданы мен Сарысу ауданының түйіскен жерінен аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы және зиялы қауым өкілдері күтіп алды.
Күллі түркі жұртына ортақ тұлға Қарабура әулие кесенесіне, Құмкент ауыл аумағында мәңгілік мекен еткен Баба түкті Шашты әзиз Әулиенің аруақтарына құран бағыштады.
Сапар Саудакент ауылында жалғасып, зиялы қауым, аудан ақсақалдарымен келелі әңгіме айтылып, Ілия Жақановтың әндері шырқалды.

Іс-шаралар легі аудан орталығы Жаңатас қаласындағы Еңбек Ерлері аллеясында гүл шоқтарын қоюдан басталып, Ілия Жақанов, облыстық мәслихат хатшысы М Сарыбеков, аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы құттықтау сөз сөйледі.
Аудандық мәдениет үйінің алдына алты қанат, ақ орда тігіліп, келген қонақтарға дастархан жайылды.
Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарламаны аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөзімен ашып, Ілия Жақановқа қазақтың дәстүрімен құрмет көрсетті. Облыстық мәслихат хатшысы М.Сарыбеков Ілия Жақановқа Жамбыл облысының құрметті азаматы атағын беру жөніндегі облыстық мәслихаттың қаулысын оқып, төсбелгі тағып, куәлігін тапсырды.

Шора батыр мәдени қоғамдық қорының төрағасы Нұрлан Рахымжанов Шора батыр медалін тапсырып, «Қазфосфат» ЖШС Қаратау ТКӨК ұжымының басшысы Марғұлан Мұқышов, ауданның ақсақалдары сөз сөйлеп, абыз ақсақалға сый-құрметтерін көрсетті.
Кеш барысында Қали Сәрсенбайдың «Дүлдүл» кітабының тұсаукесері болып, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, «Дарабоз» сыйлығының екі дүркін иегері, жазушы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбин кесіп, Ілия Жақанов жайлы терең толғанысын жеткізді. Ақын, Ха¬лық¬¬аралық «Алаш» әдеби сыйлығының иег¬е¬рі Маралтай Райымбек өлең оқып, залды дүр сілкіндірді.
Шара аясында жас суретшілер мен Ілия Жақанов әндерін орындаудан байқау өтіп, жеңімпаздарды сахна төрінде Ілия Жақанов марапаттады. Кеш соңы композитордың сырлы әндеріне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.