Өңірдегі егіс алқаптарынан 1 420 тонна өнім жиналды

0 4

Жамбыл облысында егіске орақ түскелі бір апта уақыт өтті. Осы аралықта 1 420 тонна өнім жиналып, әр гектардан алынған орташа өнім 18,0 центнерді құрады. Аталған мәліметті ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,-деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Басқарма басшысының мәліметінше Меркі ауданында 180 гектар егіс алқабынан 558 тонна астық жиналған. Түсім — 31,0 центнерді құраса, Қордай ауданында бұл көрсеткіш – 20,0 центнерден айналуда. Сол сияқты Т.Рысқұлов ауданында – 14,5 ц/га, Жамбыл ауданында – 14,3 ц/га, Байзақ ауданында – 13,0 ц/га құрауда.
-Бұл көрсеткіштердің қазіргі уақыттағы есеп екенін ескерсек, өсім көрсеткіші әлі де арта түсетіні түсінікті. Жалпы биылғы жылы 370 000 гектарға арпа-бидай (153 855 гектарға бидай, 216 145 гектарға арпа) егілсе, қазіргі уақытта оның 790 гектары орылды. Науқанға 361 комбайн қатысуда.
Астықты ысырапсыз жинап алудың маңызды шарты — шаруалардың қолында дизелдік отынның жеткілікті болуы. Осыған орай, биылғы жиын-терім жұмыстарына 10 725 тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінген болатын және оны тарату үшін 15 оператор анықталып, литрі 194-200 теңгеден босатылуда.Қазіргі таңда дәнді дақылдарды жинау барлық аудандарда жоспарлы түрде жүріп жатыр. Ендігі жердегі басты мақсат — астықты төкпей-шашпай жинап алу,-дейді басқарма басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.