Биыл аймақта 15,2 млн. түп көшет отырғызылды

0 14

Жыл сайын мемлекеттік орман қоры аумағындағы 5 000 гектарға жуық жерге орман ағаштарының көшеттері мен тұқымы егіліп келеді. Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, республика бойынша отырғызылатын 2 млрд. ағаштың 140 млн. түбі 2021-2025 жылдары Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорына егілуі тиіс,-деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Айбар Әділбақов айтты. Оның мәліметінше, кешенді жоспарға сәйкес, 2022 жылы 13 660 гектар жерге 24,5 млн. дана ағаш отырғызу жоспарланған.
«Биылғы көктем айларында 5 190 гектар жерге 15,2 млн. түп көшет отырғызылды және 250 гектар жерді 253 мың түп орман ағаштарымен толықтару жұмыстары орындалды. Күз айарында 8 190 гектар жерге 9,3 млн. дана сексеуіл ағашы тұқымын себеміз. Осыған байланысты, орман қорындағы орманшылықтарда 34 өрт бақылау мұнаралары жұмыс жағдайына келтіріліп, өрт қауіпті аумақтардағы 63 бекетте тәулік бойына кезекшіліктер құрылды және күніне екі рет орман қорындағы орын алған жағдайлар бойынша басқармаға рациялық байланыс құралдары арқылы есеп берілуде”, — деді спикер.
Айбар Күнтуұлы қазіргі уақытта мекемелер бойынша орман қорғау қызметкерлерінен құрылған өрт сөндіруші топтарда 557 адам жұмыс атқаратынын атап өтті. Өрт сөндіру жасақшылары 100% нысаналы формалармен қамтамасыз етілген және арнайы оқудан өтіп, сертификатталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.