Қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті

0 12
Анаға тағзым» орталығында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жандар жасаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жасайтын 7 қоғамдық бірлестік мүшелерінің 1000-ға тарта қолөнер бұйымдары сатылымға қойылды.
Ондағы басты мақсат- ерекше қажеттілгі бар тұлғаларға кедергісіз орта қалыптастыруға жағдай жасау. Айта кетейік, бүгінде тап осындай қол өнерге бейім 20 адам мемлекеттік грантқа қатысса, 40 шебер қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілген.
Осы азаматтардың қолынан шыққан тері, киіз бен жүннен тоқылған заттар, балалар киімдері, бірегей әшекейлер, жұмсақ ойыншықтар, сөмкелер мен аксессуарларды бірқатар басқарма басшылары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен кәсіпкерлер сатып алды. Мұның өзі өмірге құштар жандар үшін үлкен қолдау екені сөзсіз. Бұл-мүмкіндігі шектеулі жандардың-шексіз мүмкіндіктерінің айқын көрінісі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.