Мойынқұм ауданы әкімідігінің мәжіліс залында апталық аппараттық кеңес отырысы өтті , деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Мәжілісте күн тәртібінде тұрған бірқатар өзекті мәселер талқыланып, әкімдіктің жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімідері тарапынан жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылды.
Күн тәртібінде аудан елді мекендеріндегі ақпараттық тақтайшалардың жай- күйі және Бірлік, Биназар ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы, округ әкімдері Қуаныш Оспанов пен Бағдат Наурызбаевтардың есебі тыңдалды.
Қос ауылдық округ әкімдерінің есебін тыңдап, көңіл көншітпейтін кейбір мәселелерге сын-ескертпелер де айтып, жиынға қатысушыларды қордаланған барлық мәселелерді жүйелі жолмен жылдам шешуге шақырып, жиын қорытындыланды.