«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы мен аудандық кітапхананың «Оқитын ұлт» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданында «Халқы Мұхтар Шахановтың рухты жырлары дәріптелді сүйген қаламгер» атты аудандық байқау өткізілді , деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Байқауға аудандық және ауылдық кітапхана қызметкерлерінен барлығы 10 үміткер қатысты. Үміткерлер «Өлеңім – өмірімнің айнасы», «Ұлт рухының шырақшысы», «Мұхтар шығармашылығының рухани арналары» кезеңдері бойынша бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсетті.
Айта кетейік, байқаудың мақсаты – қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы мен жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігін, тілі мен ділін, дәстүрін нығайту бағытындағы жастардың белсенділігін арттыру, жастар арасында қазақ поэзиясына деген қызығушылықты арттыра отырып, жас ұр—паққа патриоттық тәрбие беру. Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі І орынды Қарақат ауылдық кітапханасының кітапханашысы Камшат Шабеева, жүлделі ІІ орынды аудандық кітапхананың кітапханашысы Айымжан Сәлімжан, жүлделі ІІІ орынды Құлан ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Сандуғаш Егембердиева иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.