Тараз ХҚО-ларында жылдам қызметтер аймағы ашылды Енді қызмет алушылар операторларға жүгінбей-ақ, жылдам қызметтер аймағына талон алып, 5 минутта жұмысын бітіре алады.
Бұл секторлар келесі бөлімдерде бар:
№1 Тараз қалалық бөлім – Қ.Қойгелді көшесі 158А;
№2 Тараз қалалық бөлім – Алатау м.а. 16А;
№3 Тараз қалалық бөлім – Абая даңғылы 232;
№4 Тараз қалалық бөлім – Рысбек батыр бұрылысы 14
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсетудегі факторларының бірі – халыққа сапалы әрі жылдам қызмет көрсету. Жылдам қызметтер аймағында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, салық төлеушілерді тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру, ЭСҚ алу, мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру секілді қызметтертер көрсетіледі.
Бұдан басқа, ХҚО-ларда Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары да жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Онда электрондық қызметтерді азаматтар өздері алады.
Тараз ХҚО-лары 2022 жылдың 6 айында 152 250 мемлекеттік қызмет көрсетті.