Қонаев орталығында жылжымалы көрме ұйымдастырылды

0 29
Биылғы жылы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығы республика көлемінде аталып өтілуде. Осыған орай, Жамбыл облысы, Тараз қаласының төрінде көреген саясаткер, халықтың сүйікті басшысына айнала білген Д.А.Қонаевтың құрметіне арналған «Д.А.Қонаев орталығының» ашылу салтанаты өткізілді.
Орталық экспозициясы құрметті қонақтарды, Тараз қаласының жұртшылығын ұлы тұлғаның ата-тегінен бастап, өмірі, отбасы, саяси қызметі, шығармашылығы, елі үшін жасалынған ерең еңбектерімен таныстырды. Сондай-ақ, экспозицияда жұмыс кабинетінің инсталляциясы, Д.А.Қонаев басшылығы кезіндегі Қазақстан картасында пайда болған қалалар картасы, шетел президенттері мен қазақ зиялыларының көреген басшы туралы айтылған естелік сөздерінің коллажы орын алған.
Аталаған іс-шараға «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» құрамындағы Д.А.Қонаев музейінің қызметкерлері тұлғаның киімдері, сыйға алған оттық топтамасы, құжаттары және т.б. заттарынан уақытша жылжымалы көрме жасақтады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.