Саудакенттің өрт сөндірушілері өрттен 4 газ баллонын шығарды

0 8

Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні 17 сағат 58 минутта «101» телефонына Сарысу ауданы Саудакент ауылының Сұлтанғазин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің  шатырындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына Саудакент ауылы №11 Өрт сөндіру бекетінің және Жаңатас қаласының №16 Өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Оқиға орнына келген өрт сөндіруші-құтқарушылар жағдайды сауатты бағалап, жедел сөндіруге кірісті. Өрт болған жерден өрт сөндірушілер қауіп төндірген 4 газ баллонын шығарды. Қызметкерлердің ортақ күшімен өрт 19 сағат 00 минутта ауыздықталып, 20 сағат 15 минутта  толық жойылды. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен зияны анықталуда.

Осы және өзге де түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы ТЖ Департаменті балалар мен қарттарды үйде қараусыз қалдырмай, төтенше жағдайларға жол бермеу қажеттігін және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаған жөн екендігін қатаң ескертеді. Сондай-ақ, жазғы уақытта бақшаны тазалау кезінде қоқысты жағу барысында өрт жақын орналасқан тұрғын үйлер мен жапсарлас құрылыстарға таралмауын қатаң қадағалау қажет. Өрт немесе төтенше жағдай туындағанда шұғыл түрде 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалуды естен шығармауды сұрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.