Аймақта денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жыл басынан бері 144 құрал-жабдық сатып алынған. Тұрғындарды денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметі бойынша қазір барлығы 11 жылжымалы медициналық кешен бар. Биыл 322 елді мекенді қамту жоспарланған. Ауылдарда жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерімен қамтылған халықтың саны — 156 693 адам, оның ішінде 43 580 бала бар.
2022 жылдың 6 айында тұрғындарға 40 015 диагностикалық зерттеулер, 15 261 зертханалық тексеру, 165 783 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілген.
«Материалдық техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет есебінен 2,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 144 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Оның ішінде 20 экстрокорпаралды мембранды оксигенация аппараты, 40 көп функциональды кереует, 3-анестезияға арналған тыныс алу аппараты, 4 цифрлық рентген аппараты,1 КТ аппараты,1 ЛОР операцияға арналған бейне кешен, 4 ашық неонаталды реанимация жүйесі, 1 эксперттік кластағы УДЗ аппараты және т.б. бар. Одан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,0 млрд теңге көлемінде қаражатқа 1 дана «Сызықты үдеткіш» сатып алынды», — дейді Әсет Қалиев.
Нәтижесінде, облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – 89,7%-ды құрап, 1,8%-ға өскен.