Қазақстандағы Бірыңғай волонтерлік платформадағы байқау қорытындысы бойынша 30 әлеуметтік жоба іріктелді. Оның тоғызы Жамбыл облысында жүзеге асырылмақ.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты арқасында жүзеге асырылған «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар арқылы бастамаларды жүзеге асыру үшін қазақстандық еріктілер арасында 300 мың теңге ұтыс ойнатқан еді.
Жіберілген 75 өтінімнің ішінен бүгінгі қарт адамдардың басты мәселелерін көрсететін 30 жоба таңдалды. Бұл әлеуметтік сұраныстың жоқтығы, жалғыздық, зейіннің аздығы, жаңа технологияны меңгеру дағдысының болмауына байланысты қиындықтар. Өскелең ұрпаққа өз кезегінде рухани-адамгершілік тәрбиесі жетіспейді. Бұл олқылықтардың орны шағын гранттық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде пысықталатын болады.
Жалпы, «Birgemiz: Qamqor» жобасының бағыты әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруға волонтерлерді тартуды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына, соның ішінде мүгедектер мен жалғызбасты зейнеткерлерге қызмет көрсетуді көздейді.
– Биыл еліміздің барлық 20 облысынан өтініштер келіп түсті, Жамбыл облысы өтінімдер саны бойынша көш бастап тұр: бірден тоғыз волонтерлік топ конкурстың финалына шығып, қаржыға қол жеткізді. Еліміздің барлық өңірлерінде белсенділік бар. Өйткені, жалғызбасты қарттардың тұрмысын жақсарту мен жайлы жағдай жасауда волонтерлердің рөлі өте маңызды», — дейді «Birgemiz: Qamqor» жобасының үйлестірушісі Меруерт Өтегенова.
Қазіргі таңда жеңімпаздар өз жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Бөлінген қаражатқа волонтерлар іс-шаралар ұйымдастырып, тренинг-массаж, психологиялық тренингтер жүргізеді, түрлі әлеуметтік қызмет түрлері мен заңгерлік көмек көрсетеді.
Мәселен, Көкшетау қаласында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында еріктілер қарттарға сыйлық ретінде ұсынылатын өрнектері бар экологиялық таза сөмкелер тігу және етік тоқу бойынша семинарларды бірлесіп өткізуді жоспарлап отыр. Жетісу өңірінде зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыратын, барлық белсенді және шығармашыл қарттардың басын қосатын «Қарттардың пікірлестер клубы» құрылады. Ал Қарағанды мен Қызылорда облыстарында еріктілер егде жастағы адамдарға компьютерлік сауаттылыққа үйретеді.
Жамбыл облысынан жеңімпаз атанған жобалардың арасында осындай бастамалар да бар.– «Жүректен жүрекке» жобасын жүзеге асыру барысында еріктілер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жатқан қарттарға көмек көрсетеді. Бұл жастардың зейнеткерлермен байланысын жеңілдетеді. Ол үшін қаладағы тігін цехтарымен, шеберханаларымен, ательелерімен байланыс орнатылып, артылған жабдықтар әжелерге берілмекші. Олар өз кезегінде шикізатты өңдеп, эко-сөмкелер шығарады. Оларға «әжеден сыйлық» арнайы белгішесі қойылады, сөмкелер сауда орталықтары мен супермаркеттердің арнайы бұрыштарына орналастырылады. Бұл дүкендердегі пластикалық пакеттерді ауыстыруға арналған өте практикалық және ыңғайлы аксессуар. Осылайша, қарт адамдар уақытты тиімді ұйымдастырады, сонымен қатар мұқтаж адамдарға көмектесуге, қоршаған ортаны қорғауға қатысуға болады. Жобаның авторы-Шұғыла Қыдырәлі,-дейді еріктілердің аймақтық фронт-офисінің жетекшісі Арайлым Абдуалиева.
Ал , ерікті Таңшолпан Тұрдалы қарттар клубын құруға бастамашы болды. Олар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүйесі негізінде құрылған бағдарлама негізінде іске асырылатын болады.