Ағымдағы жылдың 25 тамызында Жамбыл облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуде.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың терроризмнің шартты актілеріне шұғыл ден қою және оны болдырмау бойынша міндеттерді орындауға тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады.
Азаматтарды терроризмге қарсы оқу-жаттығулар жүргізу кезінде болатын жағдайларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.